ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ШАЛҚАРДЫҢ ҚҰМ ДЕП ЖЕРІН ҚОМСЫНБАҢЫЗ....

18:57, 18 қыркүйек 2020

Мемлекеттік бағдарламаның тиімді жүзеге асуы - ауылдың дамуына серпін береді. Шалқар ауданында өнеркәсіптік өнім өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда ұлғайған. Жалпы құрылыс жұмыстарына келсек, ілгерлеушілік бар.  Өңірде мал басы артып, оның өнімдерін өңдеу жүйелі жолға қойылған.  Мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп, бұл салада шаруасын жайлы еткендер қатары көбейді. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін ұйымдастырылған баспасөз турында Шалқардың қазіргі әлеуеті және даму жоспары айтылды. Нұрболат Ноғаев басшылық ететін қожалық жұмысшылары шабындық басына ерте жетті. Мал азығын әзірлеу кезек күттірмейді. Қожалықта төрт түліктің бәрі бар. "Қарапайым заттар экономикасы" бойынша 20 млн теңге несие алған Нұрболат одан әрі өсімін ұлғайтам дегенді айтады. Қолындағы малын асылдандыру бағытында бірнеше қошқар алып, бұқа қосқан.
Ауданда мұнан өзге "Қарапайым заттар экономикасы" бойынша  8 жобаны жүзеге асыруға тапсырма берілген. Бүгінгі күнге ауыл шаруашылығы саласы бойынша 7 жоба жүзеге асырылды. Жергілікті шаруалар мал сатып алуға 290 млн.теңге несие алған. Мал азығын дайындау жұмыстары аяқталуға таяды. 270 мың тоннаға жуығы қыстақтарға тасылып алынған.
Шалқар - тарихи-ескерткіштерге бай өңір. Өткен ғасырлардан сыр шерткен мазар, кесенеде бабалардың қолтаңбасы бар. Біз болған Балғасын мұнарасының тарихы тым тереңде. Бүгінде ерекше қорғауға алынған күмбезді қалпына келтіру үшін жұмыстар жүріп жатыр. 
Ботагөз Жанабілова бірнеше жылдан бері жұмыссыз. Бірақ, аудандық жұмыспен қамту орталығы қай жерге жіберсе де тиянақты атқарады. Білмеймін демей, отбасын асыру үшін білек сыбанып кірісіп кетеді. Құрылыс саласына төселгені көрініп тұр. Қарап отырмай қарекет еткен адамға жұмыс көп дейді ол.
Айта кетейік, Ботакөз жұмыс істеп жатқан нысан - аудан орталығындағы №6 мектеп. Мұндағы күрделі жөндеу мамыр айында басталған. Жоспар бойынша қазан айының ортасында аяқталуы тиіс. Жоба құны - 233 млн теңге. Бастауыш сыныптың оқушылары үшін дәріс алуға қолайлы мүмкіндік қаралған. 
Бірнеше көше жолы қайта тегістеліп, қаланың келбеті келіскен. Тұрғындар мемлекеттік бағдарламаның игілігін көретін болды. Тағы бірқатар көше кезегін күтіп тұр.
Ауданның инфрақұрылымына келсек, бірқатар жоба жүзеге асуда. Мәселен, Бозой ауылының даму аймағына газ желісінің  құрылысын бастауға 42 млн.теңгеге жуық қаржы бөлінген. 
Баспасөз мәслихатында аудан әкімі денсаулық, турзим саласына қатысты қойылған сұрақтарға жауап берді. Тосын індеттің аудан аумағында таралуына жол бермеу мақсатында  дайындық аяқталды. Қажетті құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Кезінде айдыны шалқыған Шалқар көлінің бүгінгі халіне алаңдаған тілші сауалына аудан әкімі былай деп жауап қатты. 
Қорыта айтсақ, Шалқарда орта және шағын кәсіппен айналысушылар саны артып, өзін еңбекпен қамтығандар қатары көбейген. Оның ішінде жастардың бұл салаға ден қойғаны қуантады. 

Дархан Мектепбай

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 19 қазан 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...