
Ақтөбелік шаңғышы Ернұр Бексұлтан шығыс Еуропа құрлықтық кубогын жеңіп алды. Жарыс Алматы қаласында өтіп жатыр. Оған еліміздің әр түкпірі мен Ресей, Қырғызстан елдерінен 100-ден астам спортшы қатысты. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, шаңғышы Ернұр Бексұлтан 15 шақырым қашықтықты бағындырған. Қатарынан оза шыққан ол 8 жылдан бері жаттығып жүр. Бүгін төккен тер текке кетпей, жеңіс тұғырынан көрінді. Айта кетейік, ересектер арасында өтіп жатқан Шығыс Еуропа құрлықтық кубогына Ақтөбеден тек үш спортшы қатысты. Ал Ернұр Бексұлтан ертең 20 шақырымдық еркін жүрісте де бақ сынайды.