ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ШЕКСІЗ ӨНЕР

20:00, 5 ақпан 2021

Шексіз өнер. Шектеу шараларын сақтай отырып, бүгін қаладағы саңыраулар қоғамының өнерпаздары көрерменіне ән-би кешін ұсынды. Әуенін естімесе де әннің сөзін жүрекпен сезіп, мән-мағынасын өзгертпестен өнер сүйер қауымға жеткізді. Олар халық әндері мен эстрадалық туындыларды орындады. Клоунада театрының сахналық көрінісі де көптің көңілінен шықты. Өнерпаздардың дені республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары. Өткен жылы індеттің салдарынан онлайн шараларға қатысуға тура келген. "Өнерлі жастардан сахна мен көрерменге деген сағынышы сезілді",-деген облыстық мәслихат депутаты Берік Көздіғарин "Nur Otan" партиясы атынан ұжымға Алғыс хат табыстады. Өзі де құр алақан келмепті. Соңғы үлгідегі сандық фотоаппарат сыйлады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар