
Ойыл ауданында тұратын қолөнер шебері Гүлсім Елекбаеваның бағы жанды. Ол Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен өткен үшінші республикалық «Қайырымдылық керуені» байқауында күміс медаль иеленді. Байқау Алматы қаласында өтті. Ал аудан орталығында ұйымдастырылған салтанатты шара кезінде ол тағы да құрметке бөлінді. Шебердің қолынан шыққан әсем дүниені көріп, көзайым болып келген тілші материалына кезек берейік.