ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ШЕКТЕУ ЖАЛҒАСАДЫ

18:55, 18 қыркүйек 2020

Ақтөбе облысының бас санитарлық дәрігері жаңа қаулы шығарды. Енді жексенбі күндері және мерекеде сауда үйлері жұмыс істемейді. Қаулыға сай конференция, көрме, форум, ойын-сауық, спорттық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды өткізуге болмайды. Караоке, бильярд, компьютерлік клуб, түнгі клуб, боулинг орталықтары ашылмайды. Жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары, аттракциондар, батут, кинотеатр, букмекерлік кеңсе және лото-клубтардың қызметтеріне шектеу жалғасады. Балабақшаларда тек кезекші топқа рұқсат берілген. Фудкорт, банкет залдарының қызметі шектелді. Ал сауда үйлері, сауда желілері, сауда-ойын-сауық орталықтары, азық-түлік емес және азық-түлік сататын жабық базарлар жексенбі және мереке күндері жабылады. Ашық ауада және үй-жайдағы қоғамдық тамақтану объектілері сағат 10-нан түнгі 12-ге дейін жұмыс істей алады. Тек адам саны 50-ден аспауы тиіс. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 19 қазан 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...