ШҰҒЫЛ! ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ӨРШІП БАРАДЫ Толығырақ

ШЕТЕЛ АЗАМАТТАРЫНА ЖЕР БЕРІЛМЕЙДІ

16:20, 7 сәуір 2021

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. «Заң жобасында ауыл шаруашылығы жерлерін шетелдіктерге және шетелдік компанияларға, шетелдік үлесі бар қазақстандық компанияларға, азаматтығы жоқ адамдарға, халықаралық ғылыми орталықтарға, сондай-ақ қандастарға беруге толық тыйым салу көзделген. Сонымен қатар, бұдан бұрын шетелдіктермен және шетелдік үлесі бар қазақстандық компаниялармен жалға алынған ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдалану мерзімін ұзартылмайтындығы және олардың пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін ғана иелікте болатыны қарастырылған», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров. Ал қандастар жеке қосалқы шарушылық, бау-бақша және саяжай құрылысы үшін жер учаскесін ала алады. Ауыл шаруашылығы жерлерін Қазақстан азаматтығын алғаннан кейін ғана жалға алуға мүмкіндігі бар. Заң жобасымен Жер кодексі және үш заңға, оның ішінде, Көші-қон заңына өзгерістер енгізіліп отыр.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар