ШҰҒЫЛ! ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР БЕЙНЕСІ Толығырақ

ШҰҒЫЛ ЖЕЛІДЕ 906 - 606!

18:47, 3 сәуір 2020

906-606 байланыс нөміріне қоңырау шалып жатқан облыс трғындарында шек жоқ. Қазір Call - орталықтың жұмысы қауырт. Мамандар тәулік бойы қоңырау қабылдап, жол сілтеп отыр. Тіпті, бір адам күніне бірнеше рет хабарласып, желіні босатпайды екен. Коронавирусқа қатысты мәлімет сұрап, ел ішіндегі жағдайға алаңдайтындармен қатар әлеуметтік желідегі фейк ақпараттарды тексеретіндер де жетерлік. Орталықтың қайнаған жұмысын Гүлнара Жолжанова баяндайды. Осылайша орталықтың телефондары дамыл таппайды. Шаршағанына қарамастан 20 мемлекеттік қызметкер күніне орташа есеппен 2 500 қоңырау қабылдайды. Сұраққа толыққанды жауап беруге тырысады. Тіпті балағаттап, әкімшіліктің жұмысына көңілі толмайтындар да бар. 
СЕРГЕЙ БЕККЕР
ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
 30-шы наурызда колл орталыққа 14 906 адам қоңырау шалды. Одан кейінгі күндері 4 500-5000 тұрғынның сұрақтарына жауап бердік. Қазір саябырсыды қоңыраулар. Бастапқы кезде әр саланың мамандары өздеріне тиесілі сауалдарға жауап беретін. Ал, қазір әр қызметкер көпсалалы маманға айналды. Олар поезд, ұшақ қайдан, қай уақытта келді, кім келді деген тұрғындар сұрақтарына жауап беруге мәжбүр. 
Аудан тұрғындарын мазалаған сұрақтар аудан әкімшілігімен біріге шешіледі. Ал  әлеуметтік желіде вирустық инфекцияға қатысты таратылған мағлұматтар облыстық ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасының бақылауында. Жалған ақпарат таратындарды бірден анықтауға мүмкіндік бар. 
СЕРГЕЙ БЕККЕР
ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ 
Тұрғындар сауалдарының 80 пайызын біз тұтқаны қоймай сол жерде шешіп, жауап береміз. Мәселен, жаңа ғана нөмірі 5-ші қоғамдық көлік жүрмей жатыр, сағаттап тұрып қалдық аялдамада,-деп қоңырау шалды бір тұрғын. Біз Автопаркпен байланысып мәселені жеткіздік. Сонымен қатар, қазір пост-бекеттерден өту үшін рұқсат қағаздарын беру туралы сұрап жатыр жүргізушілер. 
Тұрғындарды тұшымды ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында телеграмм желісінде арнайы чат ашылды. Оған қоса ресми мәліметтер жарияланатын сайт та іске қосылды. Айта кетейік, колл орталық номері 906-606. Байланыс желісі тәулік бойы жұмыс істейді. 

ГҮЛНАРА ЖОЛЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
19:51, 29 мамыр 2020
ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар