
Қаладағы Кереев көшесінде соғыс және ішкі істер саласының ардагері Михаил Диденкоға мемориалды тақта орнатылды. Ол өмірінің соңғы жылдары Шернияз көшесіндегі нөмірі 62-ші үйде тұрған. Іс-шара Жеңістің 77 жылдығы мен Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылды.