
Соңғы 10 жылда Ақтөбе қаласының АХАТ бөлімінде 120 мың нәресте өмірге келіп, 50 мыңнан астам неке қиылды. Бұл туралы алғашқы бес айындағы жұмыс қорытындыларымен бөліскен мамандар айтып берді. Азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі халыққа барлығы 8 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олардың 90 пайызын электронды түрде жүргізіледі.