ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

СОТ ШЕШІМІ

13:00, 17 ақпан 2021

Бестамақ ауылындағы шошқа фермасына қатысты азаматтық іс экономикалық сотта қаралды. Облыстық экология департаментінің арызына сәйкес ферма қоршаған ортаға эмиссия рұқсатынан айырылды. Сонымен бірге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы жойылды. Енді өндірістік ағынды суларды және  биологиялық қалдықтарды сақтау қоймасының жұмысы қайта реттелуі тиіс. Ферма басшылығы сот шешімінде көрсетілген осы бұзушылықтарды қалпына келтірілгенде ғана жұмысын толыққанды жалғастыра алады. Әзірге сот шешімі заңды күшіне енген жоқ. Айта кетейік, серіктестік шошқа санын да шамадан тыс асырып жіберген. Талап бойынша 40 мың басқа рұқсат бар. Соңғы екі жылда шаруашылықта шошқа саны 50 мыңнан асып кеткен. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар