ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

«СПУТНИК V»: АЛҒАШҚЫ КҮНІ 91 АДАМ ВАКЦИНА ҚАБЫЛДАДЫ

16:20, 2 ақпан 2021

Өңір басшысы Оңдасын Оразалин коронавирусқа қарсы вакцина беру жұмыстарын мұқият бақылауды тапсырды. Қазіргі кезде қаладағы отбасылық медицина орталығында, № 2, 3, 4 емханаларда, облыстық кеңес беру-диагностика және "Медикус" орталығында ақ халаттылар вакцина қабылдап жатыр. Бұл жұмысқа 189 медицина қызметкері тартылған. Алғашқы күні 91 адам егілді. Жиын соңында өңір басшысы Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты сұрақтарды қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. «Қазіргі кезде екпе салу Ақтөбе қаласында жүргізіліп жатыр. Аудандар бұл науқанға кейінірек кіріседі. Біздің міндетіміз - екпе салу кезінде  барлық талап пен нормаларды қатар сақтап, жағдай жасау»,- деді Оңдасын Оразалин.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар