ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

СПУТНИК-V: ДӘРІГЕРЛЕР ВАКЦИНА ҚАБЫЛДАДЫ

16:20, 1 ақпан 2021

Ақ халаттылар вакцина қабылдады. Алғаш боп "қызыл" аймақта індетпен күресіп жүрген дәрігерлер тізімге ілікті. Сонымен бірге облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы да екпе салдырды. 

№3 қалалық емханаға бүгін таңертең СПУТНИК-V вакцинасы жеткізілді. Алдымен "қызыл" аймақтағы ақ халаттылар екпе қабылдауға дайындалды. Ешкім күштемеді, өз еркімен вакцина қабылдады. 
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы да алғашқылардың бірі болып вакцина қабылдады. Талап бойынша алдымен қан қысымын, дене қызуы өлшетіп, келісімін берді. 

Вакцинациялау екі кезеңнен тұрады. Бүгін екпе қабылдағандар арада 21 күн өткен соң қайта вакцина салдыруы тиіс. Осы жолмен облыстың 150 мың тұрғыны қамтылады. 

Айта кетейік, кеше өңірге ковидке қарсы СПУТНИК-V екпесі жеткізіліп, қаладағы 8 емханаға  таратылды. Әкелінген 1000 вакцина қызыл аймақта індетпен күресіп жүрген медицина қызметкерлеріне беріледі. Атап айтсақ, инфекциялық, провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем қызметкерлері, емханалардағы мобильді топ осы тізімде.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар