ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

«СПУТНИК V»: ӨҢІРГЕ 1 МЫҢ ДОЗА ВАКЦИНА ЖЕТКІЗІЛДІ

13:00, 1 ақпан 2021

Кеше елімізге «Спутник V» вакцинасы жеткізілді. Іле-шала өңірлер сұранысы бойынша әр аймақ өзіне тиесілі вакцина дозасын қабылдады. Ақтөбеге 1 мың данасы әкелінді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев қауіпсіздік үшін әуежайға барып, «Спутник V» екпесін жеткізу, түсіру, тиеу жұмыстарын бақылады. Вакцина кейін қоймаға сақталды. Талап бойынша бәрі тоңазытқышқа орналастырылды. Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вакцинацилауды бүгіннен бастауды тапсырды. Өңірге жеткізілген екпені алғаш боп денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтың өзі қабылдады. Енді инфекциялық аурухана дәрігерлері мен эпидемиологтарға екпе беріледі. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар