ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

СУДЬЯЛАРДЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАЛАРДЫ ПЫСЫҚТАУ ҚАЖЕТ

20:00, 17 ақпан 2021

Судьяларға қысым көрсетуге ықпал етуі мүмкін. Бүгін мәжілісте «сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі» туралы заң жобасы тыңдалды. Ондағы түзетулерге қатысты депутаттарда сұрақ туындап отыр. Яғни, қазылық етуде тәуелсіздік пен тек Конституцияға бағыну басты талап. Ал, жаңа құжатта облыстағы сот алқалары төраға ұсынысы бойынша Жоғарғы соттың жалпы отырысының шешімімен құрылады және таратылады делінген.  Осы ретте Мәжіліс төрағасы заң жобасындағы осы нормаларды пысықтау қажеттігін айтты.  Бұдан бөлек сот жүйесін жаңғырту бойынша бірқатар заң жобасы қаралды. Атап айтқанда, 1-шілдеде жұмысын бастайтын мамандандырылған әкімшілік сот. Бұл орган кінәлілік презумпциясына негізделген жария-құқықтық дауларын қарайды. Яғни, азаматтар мен бизнес және инвесторлардың мемлекеттік мекемелер арасындағы тартысы. Қазір осы істерге қазылық ететін 179 судья арнаулы даярлықтан өткен. Бірақ, әкімшілік әділет қағидаты жүзеге асқанда арызданушылар саны едәуір артатыны анық. Сондықтан депутаттар кадр мәселесіне жіті мән беру керектігін жеткізді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар