ШҰҒЫЛ! СOVID-19: 102 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ТАҒАЙЫНДАУ

20:00, 4 мамыр 2021

Бүгін облыс әкімінің екі орынбасары тағайындалды. Бұған дейін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарған Бұлбұл Елеусінова енді әлеуметтік саласының дамуына үлес қоспақ. Бұлбұл Ораққызы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін және Қазақ-орыс халықаралық университетін бітірген.  Еңбек жолын Ақтөбе қаласындағы №12 орта мектепте мұғалім болып бастаған. Әр жылдары Қобда ауданы әкімі аппаратының бас маманы, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы болып та жұмыс істеді. Сонымен бірге облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болған Жақсығали Иманқұлов бұдан былай өңірдің ауыл шаруашылығы саласына жауапты. Ол Орынбор ауыл шаруашылығы институтын тәмамдаған. Еңбек жолын 1987 жылы «Мағаджан» кеңшарында мал дәрігері, аға зоотехнигі болып бастап, директоры лауазымына дейін көтерілді. Бірнеше жыл бойы облыс экологиясына да жауапты болды. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
20:00, 14 мамыр 2021
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар