
Көктем туып, қар кетісімен тұрғындар сенбілікке шығады. Бұл жыл сайынғы дағдыға айналған шара. Себебі қала көшелерін уақытында тазаламаса, қоқысқа толады. Бүгін санитарлық тазалау және абаттандыру бойынша екі айлық жұмыс басталды. Барлық меншік нысаны мен үйдің ауласы талапқа сай таза болуы керек.