ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ Толығырақ

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ

13:14, 19 қазан 2020

РТРК «Қазақстан» Ақтөбе облыстық филиалының

2020  жылғы «27 » тамыздағы  

№ 66 бұйрығымен бекітілген

 

Тележурналистер  арасындағы республикалық үздік журналистік зерттеуге арналған «Індет пен міндет» конкурсын өткізу ҚАҒИДАСЫ

 

1. Жалпы ережелер

 1. Осы Қағида республика тележурналистерінің арасында Пандемия кезінде жарияланған материалдар бойынша үздік журналистік зерттеуге арналған «Індет пен міндет» конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізу тәртібін белгілейді. Конкурстың мақсаты «журналистік зерттеу» жанрын кеңінен таныту, халықтың індет қауіпі  туралы   хабардар болу деңгейін арттыру, журналистердің шығармашылық мүмкіндіктерін ашу.

2. РТРК «Қазақстан» Ақтөбе облыстық филиалы  – (бұдан әрі – «Ақтөбе» телекомпаниясы) конкурсты ұйымдастырушы.

2. Конкурстың өтуін үйлестіру

3. Конкурсты өткізуді үйлестіру Ұйымдастыру комитеті – «Ақтөбе» телеарнасының шығармашылық  қызметіне жүктеледі.

3. Конкурстың міндеттері

4. Конкурстың міндеттері:

1) Қазақстан жұртшылығының пандемия кезіндегі атқарылған жұмыс, ковид-19-ды жеңу үшін үлес қосып жүрген азаматтар туралы хабардар болу деңгейін арттыру;

4. Конкурсты өткізу тәртібі

5. Қаржылай сыйлақтар беру «Ақтөбе» телеарнасының 60 жылдық мерейтойына 28 -29  қазанға қарай орайластырылады.

6. Жеңімпаздарды анықтау және сыйлықтар беру конкурс комиссиясының шешімімен жүзеге асады.

                                                                                                         5. Конкурс комиссиясын құру және қызметінің тәртібі

 7. РТРК «Қазақстан» Ақтөбе облыстық филиалы конкурстық комиссияның құрамын 7 адам етіп бекітеді және оның құрамында комиссия төрағасы, орынбасары мен мүшелері болады.

 8. Конкурстық комиссияның мүшелері өз жұмысын ерікті және тегін негізде жүзеге асырады.

9. Конкурстық комиссия отырыстарды қажеттілігіне қарай өткізеді.

10. Конкурстық комиссия мүшелерінің кемінде жартысы қатысса, конкурстық комиссияның отырыстары заңды деп есептеледі.

 11. Конкурстық комиссияның жұмысына телеарна директоры басшылық етеді. Комиссия төрағасы болмаған кезде төрағаның міндеттері Конкурстық комиссия төрағасының орынбасарына жүктеледі.

12. Конкурстық комиссияның ұйымдастыру-техникалық қызметін үйлестіру, отырыстарын дайындау және құжаттамасын жүргізу үшін телекомпания басшысы  жауапты хатшыны тағайындайды.

13. Жауапты хатшы конкурстық комиссияның құрамына кірмейді.

6. Ашықтық

14. Осы Қағида, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі телеарнаның   интернет-ресурсында жарияланады.

7. Конкурсқа қатысу шарттары

15. Конкурсқа Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары тізілімінде тіркелген телеарна журналистері  қатыса алады.

16. 1 сәуір мен 20 қазан аралығында  телеарналарда жарияланған авторлық ұжымдардың әрі жеке авторлардың материалдары конкурсқа қатысуға жіберіледі.

17. Бір қатысушы телеарнада  жарияланған үш жұмысты конкурсқа ұсынуға құқылы, бірақ олардың саны үшеуден артық болмауы тиіс.

8. Ұсынылатын жұмыстардың тақырыптары

18. Тележурналистер арасындағы конкурс төмендегі тақырыптар бойынша өткізіледі:

1) пандемия кезіндегі коронавирус індетімен күресіп жатқан және оның залалдарын жоюға белсенді қатысатын мамандардың қызметін жария ететін болады. Маңыздылығы мен ерекшелігі және олардың проблемалық мәселелерді шешуге бағытталуы;  

2) Төтенше жағдай кезіндегі елдегі ауқымды шараларға белсене атсалысып жатқан медицина, ішкі істер органдары, арнаулы мемлекеттік органдар, әскерилер, еріктілер, журналистер, азаматтар мен басқа да ұйым мамандарының біліктілігі, батылдығы мен батырлығы дәріптелген материалдар ерекше бағаланады,

3) Төтенше жағдай кезіндегі олардың  рөлі;

4) тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге билік өкілдерінің  қатысуы;

9. Конкурс жұмыстарын ресімдеу мен ұсыну тәртібі

  19. Конкурстық комиссия ұжымдық және жеке өтінімдерді қарайды.

20. Конкурсқа өтінім осы Қағиданың 1-қосымшасына сәйкес үлгі бойынша рәсімделеді. Онда автор туралы (ТАӘ, туған күні, білімі, жұмыс орны, 9х16 фотосуреті, мекенжайы мен байланыс телефондары, қолданыстағы электрондық поштаның мекенжайы және басқа) мәліметтерді көрсету қажет.

21. Өтінімде телеарна  туралы  ақпарат, арна атауы, қаласы, көрсетілімі, шығу мерзімі көрсетіледі. Телебағдарламалар үшін: телеарна атауы, хабар тарату түрі (кабельдік немесе жер серігі арқылы), эфир уақыты, хронометраж болуы тиіс.

 23. Жарияланымдар түпнұсқада немесе материалдың көшірмесінде (телеарнаның атауы мен жарияланған күнін көрсете отырып) ұсынылуы мүмкін. Сондай-ақ материал Word сипатында басып шығарылған нұсқасы немесе интернеттегі жарияланымға сілтеме болуы мүмкін.

24. Жарияланбаған журналистік жұмыстар конкурсқа қабылданбайды және қаралмайды.

25. Материалдарды kazakhstan.aktobetv@gmail.com  поштасына жібереді. Егер www.youtube.com Яндекс Диск, goоgle.drive  және басқа файл-алмасу жүйесіне жүктелген болса көрсетілген поштаға сілтемесін жіберу қажет.

26. Конкурс тақырыбы бойынша материалдар қорытынды шешімдерімен бірге циклдік сипатта болуы тиіс.

27. Конкурстың жұмыс тілі – қазақ тілі.

28. Ұсынылатын материалдарға: авторлығы туралы және эфирден өткендігі туралы анықтамалар (2-қосымша) бірге беріледі.

29. Конкурсқа түскен материалдарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.

 30. Конкурс тақырыбына, қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін және ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін түскен материалдар конкурсқа жіберілмейді.

10. Конкурсты өткізу кезеңдері

31. Конкурстың алдындағы кезеңде «Ақтөбе» арнасының интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы және оған қатысу шарттары туралы хабарландыру беріледі.

 32. Конкурстың негізгі кезеңінде материалдар Ұйымдастыру комитетінің атына түседі. Конкурс комиссиясы өз жұмысының қорытындысы бойынша конкурс жеңімпаздарын анықтайды.

11. Өткізілу мерзімі

33. Конкурс   20 қыркүйекте  басталады.  Материалдарды  қабылдау  25 қазанда   аяқталады. Қорытынды 29  қазанда шығарылады.  

12. Қорытындылау

 34. Конкурс жеңімпазы – комиссияның шешімі бойынша Гран-при алған қатысушы болады.

35. Конкурс жүлдегерлері – бірінші, екінші және үшінші орын алған қатысушылар болып саналады.

36. Материалдарды конкурстық комиссия мүшелерінің әрқайсысы бес балдық шкала бойынша бағалайды. Нәтиже конкурстық комиссияның әрбір мүшесі қойған балдардың жалпы сомасымен айқындалады. Балл саны тең болған жағдайда жеңімпаз және жүлдегерлерді Конкурстық комиссияның төрағасы анықтайды.

37. Комиссия конкурстың қорытындысын шығарады және нәтижелері хаттамамен белгіленеді. Қорытынды хаттамаға комиссияның барлық мүшелері қол қояды және онда жұмыстардың авторларын (жұмыстың атауы мен оның авторы/авторлары көрсетіле отырып) Конкурс жеңімпазы және жүлдегерлері деп тану туралы шешім болуы тиіс. Конкурстық комиссияның шешімі түпкілікті және қайта қарауға жатпайды.

13. Конкурстық материалдарды іріктеу және бағалау рәсімі

38. Конкурс материалдарын іріктеу кезінде мынандай талаптар назарға алынады: белгіленген тақырыпқа сәйкестігі; талдаудың жан-жақтылығы мен мәселенің дұрыс ашылуы; стиль, жеткізу тілі, техникалық сапасы; ақпараттың дәлдігі мен анықтығы; эксклюзивтілігі, сыртқы безендірілуі.

39. Конкурс комиссиясы Конкурстың жеңімпазы мен жүлдегерлерін анықтау кезінде мынадай өлшемдерді басшылыққа алады: пандемия материалдары бойынша жүргізілетін ақпараттық зерттеулердің объективтілігі мен дәйектілігін; материалдар туындатқан қоғамдық резонансты; жұмыстардың шығармашылық жай-күйін, нәтижелілікті.

14. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары, міндеттері

40. Ұйымдастыру комитетінің: - осы Қағиданың талаптарына сәйкес келмеуін негізге ала отырып, үміткерді конкурсқа қатыстырмауға;

Конкурстық комиссия мүшелерінің қандай да бір үміткерге қатысты өз өкілеттіктерін теріс пайдалануы анықталған кезеңдегі Конкурс нәтижелерінің күшін жоюға құқығы бар.

41. Ұйымдастыру комитеті:

 - барлық қатысушылар үшін тең жағдайлар жасауға;

 - Конкурсты өткізудің жариялылығын қамтамасыз етуге;

 - Конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің мерзімінен бұрын жария етілуіне жол бермеуге міндетті.

15. Конкурстық комиссияның құқықтары мен міндеттері

42. Конкурстық комиссияның:

 - Конкурсқа келіп түскен материалдарды бағалауға;

- жеңімпаздар мен жүлдегерлерді белгілей отырып, конкурстың қорытындысын шығаруға құқығы бар.

43. Конкурстық комиссия:

- барлық қатысушы үшін тең жағдайлар жасауға;

- Конкурс нәтижелері туралы мәліметтердің мерзімінен бұрын жария етілуіне жол бермеуге міндетті.

44. Конкурстық комиссияның мүшелері, сондай-ақ олардың отбасыларының мүшелері Конкурсқа қатысуға жіберілмейді.

16. Конкурсқа қатысушылардың құқықтары және олардың жауапкершілігі

45. Конкурсқа қатысушылардың мынадай құқықтары бар:

1) Конкурсты өткізудің шарттары мен тәртібі туралы ақпарат алуға;

2) осы Қағиданың тармақтарын түсіндіру үшін Ұйымдастыру комитетіне жүгінуге;

3) Конкурсқа қатысу үшін материалдарды жіберуге;

4) Конкурс нысанымен алдын ала танысуға, Конкурсқа қатысуға қойылатын талаптарды зерделеуге, жарияланған Конкурс талаптарына сәйкес ресімделген материалдарды ұсынуға.

 46. Конкурсқа қатысушылар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес конкурстық материалдарда көрсетілетін ақпараттың дұрыстығына қойылатын талаптарды бұзғаны үшін жауапты болады.

17. Медиа-ресурстар

47. Республикалық және өңірлік БАҚ-тар, ақпараттық серіктестер конкурсты ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді.

18. Ұйымдастырушы туралы байланыс ақпараты

 48. Конкурстың ұйымдастыру комитеті – РТРК «Қазақстан» Ақтөбе облыстық филиалы: 030000, Ақтөбе қаласы, «Ақтөбе» телекомпаниясы, Тахауи Ахтанов көшесі, 54 үй. Анықтама телефондары: 8 (7132) 22-11-44, 22-11-55, +7 771 996 50 06 kazakhstan.aktobetv@gmail.com  

РТРК «Қазақстан» Ақтөбе облыстық филиалының құрылғанына – 60 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Індет пен міндет» тақырыбындағы байқау материалдары бойынша республикадағы телеарна өкілдері арасындағы үздік журналистік зерттеуге арналған конкурсын өткізу қағидасына 1-қосымша

Конкурсқа қатысуға өтініш

Тегі: ____________________________________________________

 Аты: ____________________________________________________

 Әкесінің аты: _________________________________________________

Туған күні: _______________________________________________

 Білімі: ___________________________________________________

 Жұмыс орны: _____________________________________________

Материал атауы: ___________________________________________

Жарияланған материалға гиперсілтеме (тікелей сілтеме) (электрондық жарияланған жағдайда): ______________________

 ____________________________________________________________

Электрондық пошта: __________________________________________

 Байланыс телефоны: __________________________________________

Пошталық мекенжайы: ________________________________________

Осы Қағиданың 21-тармағына сәйкес өзге де мәліметтер: ____________________________________________________________ ____________________________________________________________

 Конкурсқа қатысушының аты-жөні_________________ қолы

Күні

РТРК «Қазақстан» Ақтөбе облыстық филиалының құрылғанына – 60 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Індет пен міндет» тақырыбындағы байқау материалдары бойынша республикадағы телеарна өкілдері арасындағы үздік журналистік зерттеуге арналған конкурсын өткізу қағидасына 2-қосымша

1) Ұйым бланкісінде

Авторлық туралы анықтама Осымен «ТЕЛЕАРНАНЫҢ АТАУЫ» жарияланған/шыққан «МАТЕРИАЛДЫҢ АТАУЫ» материалдың авторы: аты-жөні (төлқұжат бойынша), төлқұжат деректері: сериясы, нөмірі, берілген күні және орны, бөлімшенің коды болатынын растаймыз.

 Аты-жөні (төлқұжат бойынша) " ______________" бүркеншік аты пайдаланады.

материалдарды бүркеншік атпен жариялаған кезде толтырылады

Күні

 Басшы / Бас редактор

Мөрі

 

 

ЭФИР АНЫҚТАМАСЫ (ТЕЛЕАРНА)

«МАТЕРИАЛ АТАУЫ» материалы «ТЕЛЕАРНА АТАУЫ» телеарнасының эфирінде «БАҒДАРЛАМАНЫҢ АТАУЫ» бағдарламасында КК. АА. ЖЖЖЖ СС. ММ. _______________хронометражбен шыққанын растаймыз.

 Материалдың авторы: аты-жөні (төлқұжат бойынша), төлқұжат мәліметтері: сериясы, нөмірі, берілген күні және орны, бөлімшенің коды) болады.

Аты-жөні (төлқұжат бойынша) "_______________ " бүркеншік атын пайдаланады. бүркеншік атын пайдаланған кезде толтырылады

Күні

Басшы / Бас редактор

Мөрі

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
20:10, 28 қазан 2020
"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
15:52, 27 қазан 2020
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...