
Түн жарымда темір жолды торуылдаған жасөсіпірімдер ұсталды. Кәмелеттік жасқа толмаған жеткіншектер бұған дейін де беймезгіл уақытта ересектердің қадағалауынсыз вокзалда жүрген. Тәртіп сақшыларының ескертуіне құлақ аспаған олардың ісі енді ювеналды сотта қаралмақ. Бұл туралы Ақтөбе стансасындағы желілік полиция бөлімінің мамандары хабарлады. Өңірде 15-17 ақпанда "Мүлдем төзбеушілік" акциясын ұйымдастырылды. 3 күннің ішінде барлығы 100-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.