
Байғанин ауданында аймақтық тест орталығы ашылды. Шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Әсет Жеткізгенов, орталық басшысы Нұрбек Әжімұрат қатысып, лентасын қиды. Компьютермен жабдықталған орталық 60 адамға шақталған. Тест әділ әрі ашық өтуі үшін әр үстелге бейне бақылау камерасы қондырылды. Ал арнайы әйнек эпиеджағдай кезінде арақашықтықты сақтауға мүмкіндік береді. Мұнда әзірге 3 маман жұмыс істейді. Орталық басшысы Нұрбек Тағыбергенұлының айтуынша, енді көршілес Темір, Ойыл аудандарының оқушылары да осында ҰБТ тапсыра алады. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының басшылары, педагогтар, медицина саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер біліктілік және басқа да емтиханды орталықта өткізеді. Бірегей тестілеу орталығын құру мен ашуға тек жеке инвестордың қаржысы жұмсалған. Сонымен қатар, барлық мемлекеттік тестілеу тегін өткізіледі.