ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 206 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІК ТОЙЫН АТАП ӨТУГЕ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ҮЛЕС ҚОСАДЫ

20:00, 26 ақпан 2021

 27 ақпан - Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Осыған орай, өңірдегі азаматтық сектор өкілдері бас қосып, саладағы қордаланған мәселелер мен жеткен жетістіктерді бағамдады. Облыстық үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті Айгүл Дүйсенованың мәліметінше,  ресми мәліметтер бойынша, қазір Ақтөбеде 700-ден астам коммерциялық емес ұйым тіркелген. Алайда, белсенді жұмыс істеп тұрған қоғамдық мекемелердің саны 100-ден  аспайды. Олар балалар мен жас буынға,  қыз-келіншектерге қолдау көрсетіп,  мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғайды, кәсіпкерлік пен білім саласын дамытуға, рухани-мәдени мұраны сақтауға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Қоғамдық ұйымдардың қатарында  қайырымдылықпен айналысатын еріктілер де аз емес. Ел егемендігінің мерейтойына арналған жобаларды жүзеге асыруға атқарушы билік өкілдерімен қатар азаматық сектор да белсенді атсалыспақ.

Тақырып бойынша материалдар

ӘСКЕРИ ҒАЛЫМ КИМ СЕРІКБАЕВ ӨМІРДЕН ӨТТІ
20:00, 19 сәуір 2021
ӘСКЕРИ ҒАЛЫМ КИМ СЕРІКБАЕВ ӨМІРДЕН ӨТТІ
Толығырақ...
БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ
20:00, 19 сәуір 2021
БІРЫҢҒАЙ ЖИЫНТЫҚ ТӨЛЕМ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар