
Намаз оқу үшін терезелерді тұмшалап, ораза тұтқанымыз туралы ешкімге сыр білдірмейтінбіз. "Әумин" деуден именіп, қолымызды жамбасымызға қарай теріс ие салатын күндерді де бастан кешірдік, -дейді аға буын өкілдері. Бірақ, кешегі кеңес дәуірінде өмір сүрген ата-балаларымыз ұлттық рухты жоғалтқан жоқ. Дініміз әлсіресе де, Аллаға деген сеніміміз сөнбеді. Егемендікпен бірге өткеніміз оралып, өшкеніміз қайта жаңғырды. Елбасы айтқандай, «Ислам - татулық пен тағаттылықтың, жасампаздық пен жарасымдылықтың» дініне айналды. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған сюжеттер циклінің алғашқысын назарларыңызға ұсынамыз.