ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 9 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАРТУ

13:00, 25 қаңтар 2021

Құмай тазы, жүйрік ат, көк ту желбіреген көліктер. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнап бір топ ақтөбелік автошеру ұйымдастырды. 200-ден астам шақырымды жүріп өтіп, азаттық жолында құрбан болған әр батырдың ескерткішіне тағзым етті. Сән-салтанаты жарасқан мерейтой шеруін көпшілік көшеде тұрып тамашалады. 

30 жылдыққа арналған автошеру "Нұр Ақтөбе" шағын ауданындағы Есет батыр ескерткіші маңынан басталды. Белсенділер көк туды желбіретіп, шаһар орталығымен жүріп өтті. Қаланың әр бөлігінде орналасқан батырлар ескерткішіне аялдап, тағзым етіп, құрмет көрсетті. Ал, Қобда ауданына шыға берісте батырлар рухына құран бағыштады.    
Тәуелсіздікке тарту болған автошеруге ауған соғысы ардагерлері де бір кісідей ат салысты. 

Көлік шеруін жанына тазы иттерін ерткен бір топ салт атты қала сыртына дейін  шығарып салды. Жас ұрпаққа үлгі болсын деп, ел ағалары ақ түтек боранға қарамастан Қобда ауданына жол тартты. Онда Қобыланды батыр мемориалдық кешеніне аялдап, батыр рухына құрмет көрсетті.  
Автошеруді өңірдің өзге аудандарында да өткізу жоспарланып отыр. Ел тәуелсіздігінің 30 жылы әлемдік тарих тұғырынан қарағанда онша көп уақыт емес. Алайда, қазақ елі үшін бұл - Ұлы дәуір. Сондықтан дәл осы күнді ұлықтаудың ерекше маңызы бар-дейді ұйымдастырушылар. 

Тақырып бойынша материалдар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:00, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАХМАТШЫ С.ТӨЛЕУШЕВАҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
20:00, 19 ақпан 2021
ШАХМАТШЫ С.ТӨЛЕУШЕВАҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...