ШҰҒЫЛ! ЖАРАЛЫ ЖЫЛДАР БЕЙНЕСІ Толығырақ

ТӨРТІНШІ ТОҚСАН ОНЛАЙН ӨТЕДІ

22:10, 3 сәуір 2020

Қашықтан  оқу - әдеттегідей қырық минут көлеміндегі сабақ емес. Онлайн  оқудың  әдіс-тәсілдері, қағидалары да басқа. Бүгінгі күні коронавирустің таралуына қарсы күрес шараларын күшейту кезінде, 6 сәуірден бастап мектеп  төртінші тоқсанды қашықтықтан оқыту форматында бастайды. 6-сәуір 21 мамыр аралығында оқудың 4 тоқсаны басталады. Бірақ оқушылар білімді үйде отырып алады. Ол үшін  мұғалімдер көктемгі каникул кезінде дамыл таппай жаңа әдісті меңгерген. Онлайн дәріс берудің  арнайы курсынан өткен.  Қашықтан оқудың жан-жақты форматын қарастырды. Практика кезінде қандай кемшіліктер бары анықталды. Сол бойынша жұмыс атқарылды. Ата-аналармен де онлайн жиналыс өтті. Облыстың бас ұстазы телесабақ өтетіндігін айтты. Қазір біздің арнада оқушыларға арналаған онлайн сабақтың түсірілім басталды. Тоқсан бойы 70 сабақ көрсетіледі. Алғашқы сабақты №21 мектептің мұғалімі Қарлығаш Қонақбаева жүргізбек.  Елімізде мұндай масштабта сабақ беру тұңғыш  болғандықтан аздап қобалжу бар. 
ҚАРЛЫҒАШ ҚОНАҚБАЕВА
ҰСТАЗ
Түсірілім алдындғы көңіл күйім жақсы. Біз қазір орыс тілі мен әдебиеті сабағын 7 класс оқушыларына өткіземіз. Телесабақтағы материал  оқушылардың кәдесіне жарап, онлайн білім алудың тетігін меңгеріп алуына мүмкіндік деп ойлаймын. Осылайша төртінші тоқсанды бірлесіп нәтижелі аяқтаймыз деп ойлаймын. Өзге де әріптестеріме сәттілік тілеймін. Сіздер де  жаңа форматтағы оқыту жүйесін ыждағатты игеріп, білім процессінде табысты еңбек ете беріңіздер.  

Облыс бойынша 452 мектеп бар 321-і қашықтықтан оқу жүйесіне көшті.  80 оқушыдан аспайтын шалғай елдімекендегі қалған мектептер барлық санитарлық талапты сақтап оқу процесін жалғастырады.  Қала бойынша 2500 роутер алынған. "Нұр Сити", Батыс-2, Қызылжар және  саяжайда тұратындар үшін  тізімге сай таратылады. Ал аудандағы мәселе қалай шешімін табады?
402 мектеп 28 топқа бөлінген. Әр сыныпқа сабақ жоспары дайын. Оның барлығы облыстық білім басқармасының ютуб арнасында сақталады. Барлық мұғалім пайдаланып, оқушы тыңдай алады. Білім саласы үшін бұл үлкен сын. Әлі де  қиындықтар мен кедергілер туындауы мүмкін. Сол себепті ұстаздар ата-аналардан сабырлық сақтауын сұрайды
 Төтенше жағдайға байланысты кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары қашықтықтан оқыту режиміне 16 наурыздан бастап ауысты. Облыстағы 39 колледждің  90 пайызы онлайн платформаға қосылған. Интернет, техникалық қиындыққа байланысты 9 колледж  әлеуметтік желі арқылы дәріс алады. 
Қайткен күнде оқу процессі тоқатамайды.  Департамент жоспарлы, жоспарсыз тексеру жүргізіп жатыр. Әр оқу орнын  логин, пароль, арқылы кіріп күнделікті  тексереді. Қанша оқушы онлайн сабаққа қатысты, мұғалім дәрісті қалай өткізеді.  Қандай материал жүктегендігін күн сайын қадағалайды.  

Тақырып бойынша материалдар

ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
19:51, 29 мамыр 2020
ҚАЛАДАҒЫ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮНДЕ ТЕКСЕРІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар