ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 9 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ТҰРҒЫНДАР "ЖЫЛУ" СҰРАДЫ

20:00, 22 қаңтар 2021

Ал Әуеқалашығы шағын ауданының тұрғындары салқын үйде тұрып жатыр. Қыстың қытымыр аязы басталғалы бойымыз бір жылымады деп, шағымданды тұрғындар. Оған жылыту қазандығының ескіруі себеп. Жуық арада жылыту жүйесі ретке келе ме? Осы және өзге де сауалдардың жауабы Астана ауданы әкімінің кезекті есебінде берілді. 

Жылу толық берілмесе де, төлемі толықтай сұралып отыр. Ескірген қазандықтың орнына жаңасын салып береміз деген уәдеге сенген Әуеқалашығының халқы міне үшінші қысын да өткізіп жатыр. Қала әкімі Асхат Шахаров та қырқына шыдаған қырық біріне де шыдайды деп, келесі қысқа дейін амалдай тұруды сұрап, уәде берді.  
Ал, "Ұстаз" бау-бақша ұжымының тұрғыны 10 мыңға жуық халқы бар елдімекеннің бірнеше мәселесін бірден көтерді. Қағазға түсірілген сұрақтар коммуналдық қызметтер мен қоғамдық көліктен бастап, балалар мәселесін де қамтыды. Жыл сайын әкім есебінде айтылып, 7 жылдан бері шешімін таппаған сауалдар бұл,- дейді Бисембай Желбаев.     

Ұстаз елдімекеніне қоғамдық көлік әр 20 минут сайын қатынайтын болады. Алайда, ауыл ішін аралауға өз алдына автобус жүргізу келер күннің еншісінде қала береді. Сонымен қатар Әуелқалашығы шағын ауданына қажетті спорт, балалардың ойын алаңы, аулаішілік жолдарды асфальттау секілді тұрғындар сұранысы осы жылдың  жоспарына енеді деген сенімдеміз.   

Тақырып бойынша материалдар

САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
20:00, 24 ақпан 2021
САУАТТЫ АУДАРМАҒА ҚАТЫСТЫ ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШАХМАТШЫ С.ТӨЛЕУШЕВАҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
20:00, 19 ақпан 2021
ШАХМАТШЫ С.ТӨЛЕУШЕВАҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕ АЛУ КЕШІ
Толығырақ...