ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ҮЙ ӨРТЕНІП, БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ

20:00, 19 ақпан 2021

Заречный-4 елді мекенінде жер үй өртеніп, бір адам көз жұмды. Төтенше жағдай бөліміне бүгін таңғы сағат 9 жарымдардың шамасында Жиенбет жырау көшесіндегі жеке үйде өрт шыққаны туралы хабарлама  түсті. Оқиға орнына  9 техника, 33 өрт сөндіруші дереу жетті. Құтқарушылар жеткенше қызыл жалын ағаштан салынған баспананың біраз аумағын шарпып үлгерген. Жалпы ауданы 220 шаршы метр жерді жалмаған өрт бір сағатқа жетер-жетпес уақытта   толығымен сөндірілді. Әйтсе де үйінді астынан үй иесінің мүрдесі табылды. Биыл жыл басынан бері 82 өрт оқиғасы тіркелді. Оның 38-і жеке секторда болған.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар