
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Сақтаған Бәйішев атындағы облыстық кітапханада ақпараттық сағат өтті. Шараның басты мақсаты - өскелең ұрпаққа егемендігіміздің қадір-қасиетін ұғындырып, ұлттық құндылықтарымыз бен ана тілімізді кеңінен насихаттау. Осы орайда Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласы басшылыққа алынды. Шараға қатысушы колледж студентттері арасындар мақала кең талданды. Кітапханашылар жастармен осы тақырып төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты.