
Бүгін кәсіпкерлер палатасында "Алтын сапа" және "Қазақстанның үздік тауары" көрме-конкурсына қатысушылар үшін семинар өтті. Биыл Ақтөбеден 50 адам қатысуға өтінім берген. Кәсіпкерлер арасындағы мұндай байқаудың маңызы зор. Ең алдымен, отандық өнімге деген қолдау, тауар өндірушілерді ынталандыру және сапалы тауар ұсыну.