
Мереке қарсаңында облыстың үздік ұстаздары да марапатталды. Олар - төтенше жағдай режимінде оқу процесін ерекше ұйымдастырып, білім беру ісінде көзге түскен ұстаздар. Еліміз бойынша өткен онлайн дәрістер эстафетасында ақтөбелік педагогтар жоғары ұйымдастырушылық қабілетімен ерекшеленді. Өзге әріптестерімен тәжірибе алмасып, өз білгендерімен бөлісті. Жаңа үлгідегі бейнесабақтар өткізудің қыр-сырын меңгерді. Қашықтан оқуға әбден машықтанған мұғалімдерді облыстың бас ұстазы құттықтады. Шара "Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығында өтті.