
Жүргізуші құқығынан айырылып, қайта рульге отырғандар мен мас күйінде көлік айдағандар бұрын тек әкімшілік жауапқа тартылды. Енді заң өзгерді, талап күшейді. Егер жүргізуші абайсызда көлік құралдарының, құрылыс немесе өзге де мүліктің бүлінуіне, сол сияқты адам денсаулығына жеңіл зиян келтірсе, 4 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.