
Санитарлық-гигиеналық бақылау қызметкерлері денсаулыққа қауіпсіз жерлерде ғана суға шомылуға кеңес береді. Мамандардың айтуынша, жағажай және өзге де демалыс орындарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болуы міндетті. Өйткені адам үшін қауіпті бактериялардың әртүрлі түрі суда көбейе алады. Бұл жұқпалы аурулардың пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. Бүгінге дейін мұндай рұқсат тек 5 жағажайда ғана бар.