
Теміржолшыларды дайындайтын колледж ұжымы қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Алғыс айту күнімен тұспа-тұс өткен мерекелік іс-шараның мақсаты - білім ордасында парасаттылық пен ізгілікке бастайтын игі істерді кеңінен насихаттау. Шара "Ел тәуелсіздігнің 30 жылдығына 30 игі іс» жобасы аясында өтті. Кеш барысында көмекке мұқтаж студенттер мен колледж қызметкерлеріне арнайы сертификаттары табысталды.