ШҰҒЫЛ! COVID-19: ҚАЗАҚСТАН "ҚЫЗЫЛ" АЙМАҚҚА КІРДІ Толығырақ

ЖАН ЖЫЛУЫ

20:00, 26 қараша 2020

Бүгін күні бойы толассыз жауған қар қала көшелерін басып қалды.  Сәйкесінше коммуналдық  сала қызметкерлерінің жұмысы еселенді.  Таңмен таласа тұрып, жолдарды ақ ұлпадан арылтып жатқан азаматтарға ақтөбелік еріктілер  жан жылуын сыйлады. Жастар ресурстық орталығының белсенділері акция ұйымдастырып,  көшеде қар күреп жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй ұсынды.
Жапалақтап қар жауып, айнала аппақ мамыққа айналды бүгін.  Қаланың ауасы тазарып, үлкен-кіші мәз-мейрам. Дегенмен, табиғаттың ғажайып құбылысы коммуналдық сала  мамандарын біраз әбігерге салды. Бірақ олар көңіл-күйін түсірген жоқ. Қалалық жастар ресурстық орталығы таңғы сағат 4-те тұрып, қатарға қосылатын тазалық сақшыларына ыстық шәй мен бәліш әкеліп қуантты. 
Ақтөбелік еріктілер мұндай игі шараны  жыл сайын ұйымдастырады. Акцияның басты мақсаты - суыққа қарамастан күні-түні дамылсыз жұмыс істеп жүрген жандарға қолдау көрсетіп, алғыс айту- дейді жастар. Игі істі қолға алған белсенділерге  коммуналдық сала мамандары да ризашылығын білдірді. 
Акцияға жастар ресурстық орталығының мамандары, қаладағы №45 орта мектеп пен гуманитарлық колледж еріктілері қатысты. Олар өз қолымен тіскебасар әзірлеп, термосқа ыстық шәй құйып алып шыққан. Қайырымдылық шарасы жалғасын табады.
 
Гүлдана Абайқызы

Тақырып бойынша материалдар

БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
20:00, 26 қаңтар 2021
БИЫЛ АМАНГЕЛДІ АУЫЛЫНА КӨГІЛДІР ОТЫН ЖЕТКІЗІЛЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар