ШҰҒЫЛ! "ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖАҢА ФОРМАТТАҒЫ ОҚУ

17:51, 17 қыркүйек 2020

Биыл облыста 18 мыңнан астам оқушы дәстүрлі форматта білім алып жатыр. Ал, 140 мың бала қашықтан сабақ оқып жүр. Кезекші сыныпқа келгендер санитарлық талапты қатаң сақтауы тиіс. 
Облыста 403 мектеп бар. 219-ы дәстүрлі жүйеде болса, 140 мыңнан астам оқушысы бар 184 мектеп аралас форматта білім береді. Олардың бірі өңірдегі №51 мектеп гимназиясы. Мектеп басшысылығы "жаңа үлгіде сабақ беру процесіне оқушы да оқытушы да ілезде сіңісіп кеттік" - дейді. Мектепке барып оқып жүргендер негізінен бастауыш сынып оқушылары.  
Оқушы мектепке кіре берісте қолын антисептикпен жуып, залалсыздандырады, бетпердесін ауыстырады. Дене қызуын өлшетеді. Содан кейін ғана оқу кабинетіне жіберіледі. Арақашықтықты сақтау да маңызды. Бұл үшін оқушылар мектепке 6 бөлек есіктен кіргізіледі.  
Оқу басталғалы екі аптадан  енді асса да, мұндағылар темірдей тәртіпке төселіп қалған. Бастысы білім бағдарламасынан қалыс қалып жатқан ешкім жоқ. 
Еліміздегі эпидахуал тұрақталғанша мектептердегі білім берудің жаңа форматы әзірге сақталады. Бастысы - қауіпсіздік. 

Тақырып бойынша материалдар

АҚТӨБЕЛІК ДӘРІГЕРЛЕР ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ ЕМДЕЙТІН ЖАҢА ӘДІСТІ ҚОЛДАНДЫ
20:12, 28 қазан 2020
АҚТӨБЕЛІК ДӘРІГЕРЛЕР ҚАТЕРЛІ ІСІКТІ ЕМДЕЙТІН ЖАҢА ӘДІСТІ ҚОЛ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
21:48, 23 қазан 2020
ҚАЙ ЗАМАНДА ДА ІНДЕТТЕН АЙЫҒУДЫҢ ЖОЛЫ БІР
Толығырақ...