
Өңірде карантиндік шектеу шарасы жеңілдеді. Облыстың бас санитария дәрігері жаңа Қаулы шығарды. Құжатқа сәйкес қоғамдық тамақтану орындарында адам саны сыйымдылықтан 30 пайызға аспауы тиіс. Яғни, мұнда ауқаттанатындар саны 50-ден жоғары болмауы керек. Сонымен бірге жалпы білім беретін мектептердегі 1-5 сыныптарда 25, халықаралық мектептердегі 1-7 сыныптарда 25 оқушыдан аспайтын аралас оқытуға рұқсат берілді. Білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта жеке оқытуға болады. Тек топтарда адам саны 15-тен аспауы керек. Сонымен бірге бильярд клубтары, балалардың ойын-сауық орталықтары жұмысын қайта жандандырырды.