ШҰҒЫЛ! ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ШЕБЕРІ Толығырақ

ЖАҢА МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ

18:48, 25 қыркүйек 2020

Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театр жаңа маусымға қызу дайындық үстінде. Мәдени ошақ биыл 30-ншы маусымашарын ресми түрде жарияламақ. Ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, әртістері жас буынмен толыққан ұжымның көрерменге дайындаған сыйы көп. Бүгін біздің түсірілім тобы қазақ труппасының дайындығына қатысып келді.
Алты айдан бері көрерменнен қол үзіп қалған театр әртістері биылғы маусымашарға ерекше ықыласпен дайындалуда. Әртістер киелі сахнаға шығып спектакль қоймаса да, театр өмірінен қалыс емес. Өнерсүйер қауымға арнап бірнеше спектакльді әзірлеп қойды. Қазір театрдың қазақ труппасы драматург Қанат Жүнісовтің "Алғашқы махабат" шығармасының желісі бойынша қойылымның дайындығында. Режиссері - Мейрам Хабибуллин.
Езуге күлкі үйірер шытырман оқиғаға құрылған комедия көрерменді бей-жай қалдырмасы анық. Басты рөлдерді сомдаған жас әртістер де көптің көңілінен шығу үшін тырысып бағуда.  
Театрдың қазақ және орыс труппасында 50 әртіс қызмет етеді. Қоржында 20-дан астам спектакль бар. Қазақ жазушыларынан бөлек Еуропаға танымал қаламгерлердің  де шығармаларын сахналап жүр.  

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
20:10, 28 қазан 2020
"ШАҢЫРАҚ" БАҒДАРЛАМАСЫНА ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
15:52, 27 қазан 2020
АҚЫН Т.АЙБЕРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ КОНФЕРЕНЦ-ЗАЛ АШЫЛДЫ
Толығырақ...