ШҰҒЫЛ! COVID-19: ОБЛЫСТА 28 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯ

20:00, 22 қаңтар 2021

21-ші ғасыр - ғылым мен технология заманы. Білім ордалары оқушылардың қарым-қабілетін ашып, әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасалып жатыр. Бүгін №21 мектеп гимназиясы мен Ақтөбе өңірлік университеті арасында меморандумға қол қойылды. Енді мектеп оқушылары роботехника  саласындағы біліктілігін ұштап, түрлі тәжірибе жасауға мүмкіндік алады. 

Робототехника және Ай-Ти бағытындағы тәжірибе алаңы оқушыларды тың бағыттарға икемдеуге негізделген. 9-11 сынып аралығындағы білім алушылар арнайы үйірмеге қатысады. Жоба 3 жылға жоспарланған. Сол уақыт аралығында оқушы мен оқытушы жаңа бағытты меңгереді. Біліктілігін арттырады. 

Арнайы кабинетте балалар 3 түрлі бағыт бойынша оқып, тәжірибе жұмыстарын жүргізеді. Оның ішінде бағдарлама жасау, кәсіби түрде фото-видеоға түсіру, өңдеу, одан бөлек робот жасаумен айналысады.

Мектеп оқушылары арасында кішкентайынан робототехникаға қызығушылық танытып, бүгінде түрлі жетістікке жеткен балалар бар.  11 сынып оқушысы бес жыл бойы осы салада түрлі тәжірибе жинады. Бүгінде түрлі байқауда жүлдеге ие болып жүр. Болашақта осы ісін әрі қарай жалғастыру ойында бар. 

Робот жасаудан бөлек, балалар түрлі пайдалы заттар ойлап табумен де айналысады. Соның бірі, көзі нашар көретіндерге арналған "ақылды таяқ". 

Оқушылар бұл жобаны алдағы уақытта дамытуды жоспарлап отыр. 
Көзі нашар көретін жандарға арналған ақылды таяқшаның қолжетімді нұсқасын жасағымыз келеді дейді жас роботшы. "Ғылым мектепке" жобасы аясында ашылған бүгінгі алаң жасөспірімдер қолға алған істің нәтижелі аяқталуына септігін тигізбек. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар