
Халыққа адал қызмет етуге ант еткен жаңадан сайланған 47 депутаттың қатарында «Нұр Отаннан» 24, «Ақ жолдан» 8, «Қазақстан Халық партиясынан» 7 өкіл бар. Ассамблея атынан сайланғандардың 8-і жаңа. Барлығы мәртебелі міндетін дақ түсірмеуге сөз берді. Жалпы 3 партиядан сайланған депутаттардың орташа жасы 45. Ал, көпшілік дауысына ие болған «Нұр Отан» фракциясының құрамы 70%-ға жаңарып отыр. Олардың жартысына жуығы әйелдер мен жастар. Ең жас депутат 25-те. Ант беру рәсімінен соң Мәжіліс төрағасын сайлау жайы талқыланды. «Нұр Отаннан» сайланған Нұрлан Нығматулиннің кандидатурасы ұсынылды. Жаңа төраға жасырын дауыс беру арқылы бекітіледі. Сол үшін санақ комиссиясы құрылды. 100 бюллетень берілді. Жүзі де бірауыздан Нұрлан Нығматулинді жақтады.