ШҰҒЫЛ! БІР ТӘУЛІКТЕ 302 АДАМНАН КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫ АНЫҚТАЛДЫ Толығырақ

ЖАРЫҚ, СУ ЖӘНЕ ГАЗБЕН ҚАМТУ

16:20, 21 шілде 2021

"Ақжар плюс" тұрғын үй алабындағы халық су, жарық, газ сұрап, облыстық мәслихат хатшысына жүгінді. Амангелді Нұғманов азаматтарды жеке қабылдады. Тұрғындардың бар базынасын Жомарт Қаратаев тізбектеп, мәселінің мән-жайын түсіндірді. Анықталғандай Сүт зауыты ауданындағы халық 2013 жылы жаңа ауылға көшуі тиіс болған. Содан бері арада 8 жыл өтті. Мұнда қазір 40-қа жуық үй болса, бәріне инфрақұрылым тартылмады. Жазбаша өтініштен қайыр болмаған соң олар арнайы жиналды. Белсенді Жомарт Қартбаевтың айтуынша, тұрғындардың көбі ауылға жақын маңнан өтетін электр  желісіне жеке-жеке қосылған. Дауыл тұрып, апат болса қайта жалғайтын, қызмет көрсететін адам таппайды. Яғни, ешкімге міндеттелмеген жұмыс. Істің мән-жайын мұқият тыңдаған маслихат хатшысы Ақтөбе қаласының әкіміне, облыс әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасарына, облыстық энергетика басқармасының басшылығына мәселені қайта қарау үшін депутаттық сауал жолдады."Мәселені біз ерекше бақылауға аламыз, ал атқарушы органдар мен осы ауданның тұрғындары арасында өзара іс-қимыл әрекеттерді жүргізуді мәслихат депутаты және құрылыс, көлік, сауда, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және цифрландыру мәселелері жөніндегі облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы Сергей Вишнякке тапсырамын", - деді Амангелді Нұғманов. 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТА 29 АУЫЛҒА ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛАДЫ
20:00, 30 шілде 2021
ОБЛЫСТА 29 АУЫЛҒА ИНТЕРНЕТ ЖЕЛІСІ ТАРТЫЛАДЫ
Толығырақ...
"МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ
20:00, 30 шілде 2021
"МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

САЙЛАУДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ
10:00, 25 шілде 2021
САЙЛАУДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАП ҚАТАҢ САҚТАЛАДЫ
Толығырақ...