
Індетке қарамастан мемлекеттік бағдарламалардың игілін көріп, жеке кәсібінін дөңгелентіп отырған ақтөбеліктердің қатары артып келеді. Жыл сайын "Бизнес Бастау" бағдарламасымен 200-ге жуық жоба қаралып, қолдауға ие болады. Оған қоса жеке кәсібін бастауға бөлінген грант көлемі де көбейген. Бір ғана талап - нарық сұранысын қамтып, халыққа пайдалы болуы қажет. Келесі бейнематериалда қала маңындағы ауыл тұрғындарын жартылайфабрикат өнімдерімен қамтып отырған жас кәсіпкер туралы айтпақпыз.