ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ЖАС МАМАНДАРҒА ҮЙ САЛЫНДЫ

17:05, 7 тамыз 2020

Ал Әйтеке би ауданының орталығы Темірбек Жүргенов ауылының жастары таяуда қоныс тойын тойлайды. Мұнда 16 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталды. Қазір аббаттандыру, көгалдандыру, аула салу шаруасы қалған. Аудандағы әлеуметтік мәлелелердің шешімі туралы Гүлия Айтуғанова айтып береді. 
Әйтеке би ауданының орталығында пәтер кезегінде тұрғандар көп. Сұранысты қамту үшін құрылыс жұмысы басталып, қолданысқа беруге әзірленіп жатыр. Екі қабатты 16 пәтерлі тұрғын үйдің іші әктеліп, газ плитасы қойылған. Жарық, жылу, су  келіп тұр. Қазынадан 116 млн теңге бөлінген. Пәтер кілті жас мамандарға табысталады. 
Жаңа нысанның құрылысы өткен жылдың қазан айында басталған. Барлығы 18 жұмысшы еңбек етті. Карантин кезінде құрылыс сәл кідіріп, көп ұзамай қайта жанданды. 
Аудан орталығында атқарылар іс әлі де көп. Әлия Молдағұлава көшесіне келер жылы Еңбек Даңқы алаңы салынады.
Ауыл гүлденіп, кесін-келбеті ажарланып,тұрмыс-тіршілігі әлденіп келеді. Бұл мемлекеттік бағдарламалардың игілігі. 
Гүлия Айтуғанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...