ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ӘСКЕРИ ЕСЕПКЕ АЛЫНАДЫ

13:00, 3 ақпан 2021

Биыл елімізде жүз мыңнан астам жасөспірім әскери есепке алынады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
 хабарлады. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес осы жылы он жеті жасқа толатын жасөспірімдер тіркелуге жатады. Жергілікті әскери басқару органдары азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді жүргізеді. Олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын анықтайды. Білім деңгейін, дене даярлығын белгілейді. Барлық тексеруден кейін жасөспірімдерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәлік жазылып, қолына бірінші әскери құжат беріледі. Тіркеу науқаны барысында жасөспірімдерге әскери қызметтің артықшылықтары мен келешегін, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына түсу ережелері жөнінде де айтылады. Айта кетсек, азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу Қазақстанда жыл сайын, қаңтардан бастап наурызға дейін үш ай бойы жүргізіледі. Тіркеу кезінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар