ШҰҒЫЛ! БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ «ЖІГЕР» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ

20:00, 13 қыркүйек 2021

Биыл "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында 173 маман көтерме жәрдемақы алды. Оларға 80 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді. Ал 86 жас маманға тұрғын үй сатып алу үшін 345 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысында айтылды. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Елеусиз Нұрғалиевтің хабарлауынша, мың жасты маусымдық жұмыспен қамту жоспары толығымен орындалған. Сондай-ақ депутаттық топ маусым айында медициналық университетке тексеру жүргізілгенін, онда медициналық қызмет сапасының сын көтермейтіні анықталғанын жеткізді. Университет ректорының мінжетін атқарушы Эльнар Исмагулова, ескерту бойынша нақты жұмыстар атқарылғанын хабарлады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар