
Облыстық тарихи-өлкетану музейіне бір жылда 1400-ге тарта жәдігер түскен. Тарихи маңызы бар мұраларды қызметкерлерге "Жәдігер жерде қалмасын" акциясы аясында ақтөбеліктер табыстаған. Бүгін Музей күніне орай қорға жинақталған заттардан көрме жасақталып, игі іске атсалысқан ақтөбеліктер марапатталды