
Үлкен спорт - әр елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының бірден-бір көрсеткіші, патриотизм мен халық бірлігінің нышаны. Бұл орайда Қазақ елі тәуелсіздік алған алғашқы күндерден бастап-ақ бірден көзге түсіп, халықаралық аренада орасан зор беделге ие болды. Егеменді еліміздің көк байрағын биікке көтеріп, Қазақстанды алты алашқа танытқан спортшыларымыздың бірі- Әшім Қали.