ШҰҒЫЛ! COVID-19: ӨҢІРДЕ 117 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ЖЕР КОДЕКСІНЕ ҚАТЫСТЫ НОРМАЛАРДЫ БЕКІТУДІ ЖЕДЕЛДЕТУ КЕРЕК

20:00, 10 ақпан 2021

Жер кодексі бойынша мәселелерді шешу амалдары әлі де жетілдіруді қажет етеді. Мардымды жұмыс атқарылмай жатыр. Мәжіліс депутаты Айбек Паяев Үкімет басшысына осылай деп сауал жолдады. Жер кодексіне жарияланған мораторийдің аяқталуына жылдан аз уақыт қалды. Осы аралықта аталған заң нормаларын егжей-тегжейлі қарап, бір жақты етуге мүмкіндік болған еді. Бірақ, бүгінге дейін тындырымды іс жоқ.  Бұл ретте Президенттің «Жер шетелдіктерге сатылмайды. Үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуі тиіс»,-деген тапсырмасы негізге алынуы керек. Бұл мәселе мәжілісте осымен екінші рет көтеріліп отыр. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар