ШҰҒЫЛ! АЙМАҚТАҒЫ ЖАЛПЫ АХУАЛ Толығырақ

Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден озды

19:21, 8 шілде 2020

  Жерлесіміз, кино және театр актері Дархан Дайырбек өмірден озды. Ол дертке шалдығып, ем алған. Бұған дейін біздің арнадағы "Елдің баласы" бағдарламасындағы түсірілімге қатысып, өмір жолы мен еңбегі туралы айтып берген Дархан Дайырбек Қазақ ұлттық өнер академиясын 1994 жылы бітірген. Қолына димлом алған соң бірден Ғабит Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрында еңбек етті. "Адамдығың мен адалдығың жақындарыңның жүрегінде қалады. Қаралы хабармен қоса таралып жатқан жымиған бейнең "көз алдыңда осылай қалам" деп тұрғандай... Көрерменің де жып-жылы жүзіңді ұмытпайды. Бақұл бол, бауырым", - деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында актер Бекжан Тұрыс. "Ақтөбе" телеарнасының ұжымы да Дархан Дайырбектің қазасына ортақтасып, отбасына көңіл айтады. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар