ШҰҒЫЛ! ЫРҒЫЗДЫҚТАР АУЫЗ СУ АЗАБЫНАН АРЫЛАДЫ Толығырақ

ЖОЛ АПАТЫ

19:01, 9 желтоқсан 2019


Республикалық тасжолда көлік апаты жиілеп кетті. 8-ші желтоқсан күні Әйтеке би ауданынан Қостанай қаласына бағыт алған жеңіл көлік жүргізушісі жылдамдықты асырып жіберген. Рөлге ие бола алмай қалған 67 жастағы жүргізуші қарсы бағыттағы өзбекстандық "DAF" маркалы жүк көлігімен соқтығысты. Бір адам ауруханаға түсті. Тағы бір жол апаты Хромтау ауданы Жазық ауылының маңында болды. Самара-Шымкент тас жолында көктайғақтан жеңіл көлік пен украиналық жүк көлігі соқтығысты. "Opel Vectra" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Хромтау қаласының орталық ауруханаға жеткізілді. Барлық жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар