
Облыстағы табиғат жанашырлары экология министрлігінің мамандарымен бірге жол картасын әзірлейді. Бұл туралы министр Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады. {МӘТІНДІ ОҚУ} "Ақтөбе облысы жұртшылығы өңірдегі экологиялық ахуал туралы әлеуметтік желіде бірқатар мәселелер көтеруде. Бүгін эко-белсенділермен, жұртшылықпен осы себеппен онлайн-кездесу өткіздік. Қатысушылар атмосфералық ауаны мониторингілеу, ластаушы көздер туралы толғандырған мәселелерді, сондай-ақ проблемаларды шешудегі өз көзқарастарын білдірді", - деп жазды министр. Енді эмиссияларды қысқарту, жасыл белдеуді дамыту, өндіріс қалдықтарын залалсыздандыруға бағытталған жол картасы әзірленіп, бекітіледі. Бұл шаралардың барлығы әкімдікпен бірге іске асырылады.