ШҰҒЫЛ! СOVID-19: 102 ЖАҒДАЙ ТІРКЕЛДІ Толығырақ

ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСАДЫ

20:00, 29 сәуір 2021

 Биыл өңірде жол салу, жөндеу жұмысы жалғасады. Бұл туралы облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссиясының отырысында айтылды. Қала әкімі Асхат Шахаровтың мәліметінше, биыл жалпы ұзындығы шамамен 6 шақырым болатын жаңа жол салынады. Тағы 12 шақырымдық жол жаңғыртылады. Барлығы 45 көшеде  жөндеу жұмысы жүргізілмек. Қалалық жолдарды жөндеуге және салуға 9 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалмақ. Ал облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Айбек Қайырдың айтуынша, өңірде  96 жобаны іске асыруға  
14 миллиард теңгеден астам қаржы қарастырылған. Тұрақты комиссиясы отырысында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бастығы Нағымжан Алдияров тұрғын үй құрылысына тоқталды. Биыл алғашқы тоқсанда 170 мың шаршы метр тұрғын ұй қолданысқа берілген. Жыл соңына дейін құны 23 миллиард теңгені құрайтын 175 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Баяндамашыларды тыңдаған депутаттар қаржыны мақсатты және уақтылы жұмсауды бақылауды, автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарын уақытылы орындауды тапсырды.  

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
20:00, 14 мамыр 2021
ЖАС ФУТБОЛШЫЛАР ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар