ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ЖОЛ САПАСЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

22:38, 6 тамыз 2020

 Мұндай шаруа тек облыс орталығында емес, шалғай елдімекендер де жүріп жатыр. Әйтеке би аудан орталығы Темірбек Жүргенов ауылында жол жөндеу жұмысы қарқын алды. Мұнда 8 көше асфальтталады. Ауыл халқы үшін суағар мен тратуар да салынған. Ойын алаңы бой көтерді.. Аудандағы қарқынды жұмыстар жайында тілші баяндайды. 
Айналмалы мына құрылғының көмегімен күніне бірнеше тонна қиыршық тас пен цемент иленеді. Дайын қоспа құйылып, шаруа кезең-кезеңімен бітіп жатыр. Құрылыс адам көп шоғырланатын жерде жүргізілуде. Барлығы 5 жұмысшы кішкентай тұрғындар үшін ойын алаңын салып береді. Жаңа жобаға 20 млн теңге бөлінді. Ауыл кәсіпкерлері де қолдау білдірген. Қоршалып, жанына демалыс орны салынады. 
Бұл - Әлия Молдағұлова көшесі. Қазір қиыршық тас төселіп жатыр. Кейін асфальтталады. Жалпы ауылда жол салу, оны жөндеу жұмысы қарқынды. Бұдан өзге 7 көшеде тасжол орташа жөндеуден өтіп жатыр. Қазынадан 208 млн теңге қаржы қарастырылған.
Көктем мен күзде ауыл көшелері суға толатын. Оқушылардың мектепке қатынауы қиындаған тұста тұрғындар суағар салуды өтінді. Бұл өтініш жерде қалмай, биыл құрылыс жұмысы басталды. Енді көшеде емін - еркін жүруге болады.Тіпті жүргіншілерге арналған тратуар да бар.
Аудан орталығында алдағы уақытта 2 көшеге асфальт төселеді. Мал сою пункті ашылған.
Гүлия Айтуғанова

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...